Бұл шараның басты мақсаты — мектеп кітапханасының қорын байыту, оқушылар арасында кітап оқу мәдениетін насихаттау және кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыру. Акция аясында оқушылар, ата-аналар мен ұстаздар өздерінің сүйікті шығармаларымен бөлісіп, мектеп кітапханасына тарту етті.
Осындай игі істер оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын оятып, мектеп қабырғасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайта түседі.