«№21 орта мектеп» КММ 13 сәуірде 2 «В» сыныпта Дүниежүзілік аутизм күніне орай «Біз әр түрліміз, бірақ біз бірдейміз» тақырыбында сынып сағаты өтті. Іс-шара үшін жауапты педагог-ассистенттер: Жакаева.А.А, Сарсенова Н.А.
Сабақтың мақсаты: аутизм дегеніміз не, жалпы түсінік беру, даму ерекшеліктерімен адамдарға балалардың төзімді қатынасын қалыптастыруға ықпал ету. Сынып сағаты бойына педагог-ассистенттер оқушылармен бірге ерекше білім беру қажеттіліктерімен балалармен маңызды мәселелер туралы айтылды, мұндай балаларды төзімді қатынасқа тәрбиеледі, ойындар өткізді, «Дима жайында» оның мейірімділігі туралы бейнеролик қарады.
Бейнеролик және ойындар оқушыларға «жауын балалары» кімдер, олардың сезімдері, әлемді көрулері туралы түсінік берді. Мұндай тақырып оқушылар үшін жаңа тақырып болды, олар қызығушылықпен тыңдады, сабақ бойына белсене жұмыс істеді.