Республика күніне арналған салтанатты жиын
2025 жылдың 24 қазанында мектебімізде Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Бұл мереке — еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін дәріптейтін ең маңызды күндердің бірі.
Мерекелік шара Мемлекеттік Әнұранмен басталды. Оқушылар мен ұстаздар әнұранды ерекше мақтанышпен орындады. Мектеп директоры оқушыларды және ұстаздарды мерекемен құттықтап, Республика күні – әрбір қазақстандық үшін ел тарихына деген құрмет пен мақтаныштың нышаны екенін атап өтті.
03.11.2025
0