Елбасының қай жолдауын алсақ та, стратегиялық маңыздылығы мен нақты міндеттер, мәселелердің шешіліуін қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз.
Қазақстаннын жарқын болашағы үшін білім,денсаулық саласында көптеген реформалар жүзеге асырылуы қажет.Кез келген елдің болашағы жастарымыздың алатын білім деңгейіне байланысты.Ол үшін бірінші кезекте білім беру жүйесінің рөлін өзгертуіміз керек.Жалпы білім беретін орындарда 2019 ж бастап 10-11 сыныптарында кейбір пәндер ағылшын тілінде оқытылатын болады.
Елбасымыз стратегиялық мақсаттарымызды жүзеге асыру үшін бірнеше қадамдарды атап көрсетті.Бүгінге дейін жолдауда айтылған міндеттердің бәрі жыл өткен сайын бірте-бірте орындалу үстінде.
Сонымен қатар, Елбасымыз биыл 2018ж 1 қаңтарынан бастап зейнеткерлер мен әлеуметтік жәрдемақы алушылардың зейнетақысы мен жәрдемақысынын өсуі туралы атап өтті.
Халыққа қызмет көрсетуде жұмыс атқарып жүрген азаматтардың көзге көрінбес еңбектерін бағалап,жалақысын көтеру, 2018ж қаңтарынан жүзеге асатыны бізді қуантады.
Жолдау бәріміздің көңілімізге қуат беріп,ертеңгі күнге сенімімізді арттырады.Осы жолдауда аталып өткен барлық мәселелер уақытында орындалып Қазақстан халқының экономикалық жағдайын көтеруге атсалысып,жүзеге асыру біздің міндетіміз.Агатаева А.М.
қазақ тiлi мен әдебиетi пәндерiнiң мұғалімі
12.01.2018