«Конструктивті әлеуметтік диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі»Жолдауда мемлекет басшысы Қ.Тоқаев алдағы уақытта жасампаздық пен ілгерілеу,бейбітшілік пен келісім кезеңі деп белгілеп,елімізді жаңа сапалы кезеңге шығару қажеттілігін атап кетті.Ел азаматы ретінде, Президенттің Ести алатын мемлекет концепциясын жүзеге асырып,азаматтардың мұқтаждығын басты назарда ұстау керектігін қажет екендігін атап айтқаны, мені қуантты.
Азаматтық диалог құру орын алу керектігі сөзсіз. Елімізде көп партиялардың болуына мүмкіндік берілуі тиіс дегені де орынды.
Президент қоғамдық келісімді нығайту үшін нақты шаралар қабылдануы керектігін айтты. Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етубөлімінде мемлекет басшысы Қ.Тоқаев көптеген мәселелерге баса назар аударды.
Педагог ретінде, ана ретінде, балаларға деген қорлыққа қарсы әрекеттерге жол бермеу туралы Парламент пен Үкіметке тапсырыс бергендігі қуантады.
Ел Президенті Қазақстан экономикасы қарқынды және инклюзивті дамуының жолдарын,стратегиялық міндеттерін көрсетті. Ауыл шаруашылығын қолдау үшін нақты қадамдар жоспарланды.
Қ№Тоқаев білім беру сапасын жақсарту жолында алдымызда тұрған мәселелерге тоқталып өтті. Бүгінгі таңда мектеп түлектерінің жоғары оқу орындарына түсе алмай қалуы мәселесі орын алуда. Бұл үлкен мәселені шешу үшін нақты шаралар жоспарлануда. Толғандырып жүрген мәселелердің бірі-оқулықтардың сапасын жақсарту,дарынды оқушылардың қабілетін дамыту үшін жол картасын әзірлеу тапсырылды.
Инклюзивті қоғамды құру,балалық пен отбасы институтын қолдау мәселесі де Жолдауда айқын ашылды деп ойлаймын. Бүгінгі таңда біздің мектепте инклюзивті оқытуды жүзеге асыру мақсатында ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға тең құқылы мүмкіндік жасау үшін екі кабинет ашылды.
Тұрғын үйге мұқтаж отбасыларға Бақытты отбасы жаңа бағдарламасы жүзеге асылылатыны барша қазақстандықтарға үміт берді деп ойлаймын.
Қорыта айтқанда, орын алған көптеген мәселелер шешімін табады деп ойлаймын. Себебі мемлекет басшымыз Қ.Тоқаев халықтың қажеттліктерін,сұраныстарын назар ұстауда,ахуалдыжақсарту үшін іс-қимыл жоспары жүзеге асырылады деп сенемін.
Қазақ тілі мұғалімі Тукашева Г.С.
№21 ОМ