Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1515608258

Коммунальное государственное учреждение
«Средняя школа № 21»
  • kz
  • ru
  • en
  • Проба пера

    Каиржанов Мадияр Каршыгаевич
    9 «Ә» сынып оқушысы 
                           

     

    Еңселі елім және Елбасым                                

     

    Жоспар:
    І Кіріспе
              Елім деп соғады менің жүрегім
    ІІ Негізгі бөлім
              Кемеңгер Елбасым
    ІІІ Қорытынды
             Менің елім – Мәңгілік ел
    Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда
    қалды, сондықтан да мен еліміздің
    еңсесі биіктей беретініне сенемін.
    Н.Ә.Назарбаев

     

             «Отаным» деген жас жүрегімнен, шын ықыласпен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерлік пен елдігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті.

             Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өткеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі қайта көш түзеді, халқымыз еңсесін тіктеп жарқын болашаққа қол созды. Содан бері атқан оқтай зулап 26 жыл өтті. Ең бастысы, жаңа ғасырға біз егемен ел, тәуелсіз ұлт болып аттадық. Бұған жеткен де бар, жетпеген де бар. Ал біз жетіп отырмыз. Қалайша? Егер сонау ғасырлар қойнауының қатпар – қатпар белесіне көз жүгіртіп байқасақ, ежелден –ақ ата-бабамыздың өз жерін жауға бастырмаған, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп жауға әрдайым қарсы тұрған. Сол ата-бабамыздың қаны мен терінің арқасында біз бейбіт елде өмір сүрудеміз. Қазақстанның 26 жылдық ғұмырына көз салсақ, ауыз толтыра айтарлықтай, көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асулары мен бағындырған жаңа белестері жетерлік.

             Қазіргі  Қазақстан өзге дамыған елдермен терезесі тең ел. Отанымыздың болашақтағы әрі қарай дамуына ең басты үлес қосушы кемеңгер – елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол халықтың көшбасшысы, кемеңгері. Ол қазақ елінің кемеңгер, ақылды, парасатты елбасы. Елбасы болу оңай нәрсе емес, әрине. Дегенмен де ол біздің елімізді соғыстан, қауіп-қатерден аман алып келе жатыр. Ең бастысы еліміз, жеріміз тыныш, нанымыз мол болса екен деп ойлаймын. Президент болу үшін баста ақыл, білім, бойда күш, қайрат, күшті, мықты денсаулық болу керек, менің ойымша. Осы қасиеттер біздің елбасымыздың бойында бар.

    Біздің елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықтың бахытты, ғұмырлы бейбіт өмір сүруіне, еліміздің көркейіп, жетіп, толуына көп күш жұмсап отыр деп ойлаймын.  

      «Ертеңгі күнді бүгін ойлау – даналықтың белгісі» - деп Аристотель айтқан. Елдің дамуы үшін жасалған тағы бір қадам – «Мәңгілік ел» бағдарламасы. Бұл бағдарлама – қазақ елінің ұлттық идеясына айналды. «Мәңгілік ел - ата –бабамыздың сан мың жылдан бергі арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасын ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйымдастыра алатын идея керек. Ол – «Мәңгілік ел» идеясы» - деді президент. Н.Назарбаев өз тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау арқылы  Мәңгілік  ел болатынымызды айтты. Менің ойымша, «Мәңгілік ел» идеясының басты мақсаты – біздің кейінгі ұрпақтарға дамыған, өзге елден алда, бәсекеге сай ел қалдыру. Қазақстанның мәңгілік елге айналуы  еліміздің  әрбір азаматының, әсіресе мына біздің,  жастардың қолында. Олай болса, мен өз елімнің өркендеп мәңгілік елге айналуына қолымнан келгеннің бәрін жасағым келеді. Мен өз басым, осындай кемеңгер, дана елбасы бар, табиғаты бай, ауасы кең, әр түрлі халықтардың тату-тәтті  тұрып жатқан  Қазақстан жерінде туып – өскенімді мақтан тұтамын. 

             Осы айтылған сөздер әрбір саналы азаматтың жанын тербендіреді деп ойлаймын. Менің әке-шешем, атам мен әжем «еліміз тыныш болсын, нанымыз мол болсын» деп әрдайым айтып отырады.  Әрине,  әрқашан да солай болсын, еліміз өркендей берсін, елімізде тыныштық, береке, отбасымызда тек қана бақыт, сыйластық болсын!

    Послание
    Президента

    Школьная форма

    В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

    Голосовать

    Полезные ссылки