Латын әліпбиіне көшу туралы мәселесі тәуелсіздік алған жылдардан бері қарай көтеріліп келеді. Қазіргі қазақ жазуында қолданылып жүрген әліпбиді латын әріптерімен ауыстыру мәселесіне алаңдаушылық тудырып отырғандар бар. Тіл тарихына көз жүгіртсек, латын әліпбиі қазақ халқына таныс әріптер болып табылады. Өткен ғасырда А. Байтұрсынұлы кіргізген әліпбиіне оралу деп санаймыз.
Елбасымызболашаққа батыл қадам жасап , елімізді бүкіл әлемге танытып келе жатқан тағы да бір маңызды бастамаларының бірі, және тіліміздің болашағы үшін жасалып жатқан шара деп білеміз. Тіл дағдыры бәрімізді алаңдатады , сондықтан біздің мектеп ұжымы осы жаңа тіл реформасын толықтай қолдап отыр. Латын әліпбиі сауатты, қате жібермей жазу мәселесін шешетін құрал болары анық.Осы әріптерді еңгізу арқылы біздің жастарымыз ағылшын тілін меңгеріп кетуге толық мүмкіндігі болады.
Әліпбиіміздің өзгеруі ,сайып келгенде,ана тіліміздің болашағын ойлап,қолданыс аясын одан әрі кеңейте түсуге мүмкіндік жасап,тілімізді ішкі табиғи тіл тазалығысақталып қалады деп түсіну керек. Латын әліпбиіне көшу –тіліміз үшін жасалған игі қадам.
Осы игі шара білімді,отаншылдықты дамыту, бәсекеге қабілетте арттыру, ұлттық бірегей тектілік дегеннің өзі үлкен көкжиектерге жетелейді деп ойлаймыз. Жалпы әлемдік елдермен бәсекеге түсуде елімізге керек басты қарудың бірі –латын әліпбиі.
Қазақ тілі мұғалімі: Кургунбаева Б.Ш.
Латын әліпбиіне көшу-қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шаралардың алды.Мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін жасалып жатқан жұмыстардың ең маңыздысы деп ойлаймын. «Бұл қадам қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады»- деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев сенімділікпен айтқан еді. Бүгінгі таңда еліміздің латын әліпбиіне көшуі-ұлтымыздың келешегі үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі.Бұл біздің өткен тарихымыз,бүгініміз бен болашағымызды байланыстыратын көпір деп білемін. Латын әліпбиінің нұсқасына енгізілген өзгерістермен танысып, толығымен қолдаймын.
Қазақ тілі мұғалімі Тукашева Гүлсара Самарқанқызы
Қазақстанда алға қойылған басты мақсат алтын әліппиіне көшу болып отыр. Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. Сондай-ақ, Елбасымыз өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек.
Жалпы, мен осы болатын игі өзгерістерді қолдаймын.
Қазақ тілі мұғалімі: Дәулетова А.С.
Латын әліпбиіне еңгізілген өзгерісті қолдаймын. Бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан, оқушыларды оқытуға тиімді болатынына сенімдімін.